"Бірлік" Политикалық
партиясының ресми сайты

орысша | қазақша

Сөйлеген сөздер

ВЫСТУПЛЕНИЕ

Заместителя Председателя партии «Бiрлiк» Куанышева Т.Ш.  на заседании Политисполкома партии 12 марта 2015 года

Құрметті бүгінгі алқалы басқосуға қатысушылар!

Қадірлі әріптестер!

Қазақ елінде Тәуелсіздік алғаннан бері талай сайлаулар өтті. Бірақ, алдымыздағы болатын Президент сайлауының орны да бөлек маңызы да айрықша. Бұл сайлауда біздің еліміздің болашағы мен тағдыры шешілмек. Демек, осындай жауапты кезеңде батыл да нық шешімдер қабыдай алатын тұлғаның болғанын қалаймыз.  Ал ондай қадамдарға баратын қайраткер деп Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты есептеймін.

Олай дейтін себебім, Елбасы мемлекетіміздің ордасын Алматыдан казіргі Астанамызға көшіру туралы қаулы қабылдап, еліміздің іргесінің бекінуіне, экономикасының қарқынды дамуына және болашағының жарқын болуына орасан зор әсерін тигізгеніне бүгінгі күндері барлығымыз куә болып отырмыз.

Ол кездерде мұндай батыл қадамға бару, болашақты алдын ала болжап, оның оң нәтижесінің болатынына сенімді болу дүние жүзінің басқа басшыларының қолынан келе беретін іс еместігін қазір айқын сезініп отырмыз. Ал біздің Президент сондай қадамға барып, тәуелсіз еліміздің даму тарихында өз атын алтын әріппен жазды деп есептеймін.

Бір мысал. Сонау 1997 жылдың желтоқсан айында борандатып көшіп келген кездегі Ақмола қаласын казіргі мегаполюсымыз, біздің мақтанышымыз, Еуразияның саяси-мәдени орталығына айналған – Астана қаласымен салыстыруға келмейді.

Тағы бір айтайын дегенім, Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халықаралық деңгейде үлкен дипломат ретінде жүргізген және жүргізіп отырған жұмысы туралы. Елбасы дау-жанжал туындаған елдердің басшыларын бітімгершілікке шақырып, олардың басын қосып, тұтанып жатқан соғыс отын сөндіруге ұйытқы болғанын осы жылдар ішінде талай рет куә болдық.

Мысалы, 1991 жылдың басында Әзербайжан мен Армения елдерінің шекарасында орналасқан Қарабах елдімекені үшін болған қақтығыстың басын қайырып, мәмілеге келтірген – біздің Елбасымыз. Ал енді бүгінгі таңда Украина мен Ресей арасындағы болып жатқан қақтығыстың тоқтатылуына орасан зор еңбегінің бар екендігін дүние жүзінің ақпарат құралдары айтуда.

         Басқа елдерде осындай жағдайлар болып, экономикалары әлсіреп, қаражат тапшылығына ұшырап жатқан кезде біздер Елбасының кезінде табандалық көрсетіп, ел байлығын қызғыштай қорғап, талан-таражға салдырмай, қаражат қорын жасақтап, қиналған кезде жұмсаймыз деп Ұлттық қорға ауыз салам деушілерге тойтарыс беріп, сақтап қалғанымыздың арқасында бүгінгі күні Сан алуан салаларды қамтитын Ұлттық бағдарламалар жұзеге асырылуда. Сонымен қатар, Жыл басында «Нұрлы жол» бағдарламасы қабылданып, еліміздің жан-жақты дамуына Ұлттық қорда жиналған қаражаттарды жұмсаудамыз. Бұл да Елбасының көрегендігінің арқасы деп есептеймін.

Сөзімді аяқтай келе, менің алдымда сөйлеген азаматтардың айтқан  ойларына, берген ұсыныстарының барлығына қосыламын және бүгінгі «Бірлік» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігің кеңейтілген отырысында ұсынылып отырған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевтың ағымдағы жылдың сәуір айының 26-сы күні өткізілетін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына қатысуын қолдау туралы мәлімдемені толығымен қолдаймын және Сіздерді қолдауға шақырамын.

Әрқашан  бірге  болайық,  бірлікпен  ғана  жетістіктерге  жете берейік

ағайын!

Назарларыңызға рақмет!

*********

               «Бірлік» саяси партиясы» қоғамдық

                                                               бірлестігі Ақтөбе облыстық филиалының жетекшісі

                                                                                    Бағдат Алдабергеновтің сөзі.

 

Құрметті алқалы жиынға қатысушылар!

Менің алдымдағы сөз сөйлеушілер 2015 жылы сәуір айының 26-сы күні өтетін ел президенттігіне сайлауға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуы туралы жан-жақты оң пікірлерін білдіріп, осы отырған халыққа терең ойларын  жеткізді. Берілген  ұсыныстар мен айтылған ойларды  толығымен қолдаймын.

Еліміздегі алда болатын Қазақстан Республикасының Презденттігіне  сайлауда көрсететін таңдауымызға байланысты қазақтың және қазақстанды мекендейтін барлық халықтың тағдыры шешілмек. Осы жағдайды ескеретін болсақ, ең жоғары билікке ие бола алатын үміткер сөзінде тұратын, елін мұратына жеткізетін және сол мұратқа жеткізудің жолдарын қапысыз меңгерген, қалың елдің тірегі, білегі, жүрегі бола алатын, "елім", "жұртым" деп бойындағы бар жігерін жұмсайтын Азамат болуы тиіс, бұл орын - тек осындай Азаматқа ғана бұйыратын орын. 

Сондықтан да біз болашағымыздың тізгінін көрінгеннің қолына ұстатқымыз келмейді.

Ел тізгінін елінің жанын ұғатын, қазақ елін мекендеген жұртшылықа пана болатын, халқын қандай да болмасын қиыншылықтардан аман-есен алып шыға алатын қайраткерге ұстатқанымыз жөн деп ойлаймын.

Жоғарыда атап өткен талаптарға казіргі кезде тек қана Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кандидатурасы толығымен сай келеді деп есептеймін.

Тәуелсіздікке кол жеткізіп, жан-жақты дамуға бет алған шақта Қазақстан сияқты мемлекеттің казіргі дүние жүзінде болып жатқан қақтығыстар мен дағдарыстардан алыс болуы ел басқарушының болжамдарына, күнделікті іс-қимылына байланысты екенін есімізден шығармауымыз қажет.

Қазақстанның батыс өңірін мекендейтін халықтың Елбасына сенімі нық. Жарқын болашағын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен байланыстыратынын  атап айтқым келеді.

Ал ол мақсатқа тек біздің бірлігіміз бен ауызбіршілігіміздің арқасында ғана жете аламыз. 

Мен осы отырысқа қатысып отырған өзімнің партиялас  әріптестерімді, азаматтарды, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  2015 жылғы сәуір айының 26-сы күні өтетін Қазақстан Республикасы Президенті сайлауына қатысуына қолдау  көрсетіп, бүгінгі тәуелсіз, дербес Қазақ елі қарқынды дамысын десек, «Бірлік» саяси партиясының мәлімдемесін қолдауға шақырамын.                                                            

*********

                                                           «Бірлік» партиясының төрағасы

С. Сұлтанғалидің 2015 жылғы 13 наурызда

                                                             өтетін брифингте сөйлейген сөзінің

                                                                                    негізгі  тезистері.

 

Құрметті үзеңгілестер!

Қазақстан өз дамуының жаңа кезеңіне аяқ басты. Біз кезекті серпіліс жасауға дайындалудамыз, сол себепті дәл осы кезеңде елімізде президент сайлауы өтуі айрықша мәнге ие.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының XVI Съезінде сөйлеген тарихи сөзі бүгінде барша қазақстандықтардың назарында.

Қазіргі таңда күлгі әлем өмірдің барлық саласына салқынын тигізген аса күрделі дағдарыстан шығудың амалдардын қарастыруда. Көптеген елдер бағытынан жаңылып, енді қай жаққа бет аларын білмей дағдаруда.

Ал, Қазақстанның ғасырдың бел ортасы – 2050-ші жылға дейінгі даму Стратегиясы бар. Біз «Нұрлы Жол» президенттік бағдарламасы аясында дәйекті түрде алға басып келеміз. Осынау негізгі стратегиялық құжаттар енді «Нұр Отан» партиясының съезінде Мемлекет басшысы жария еткен тың идеялармен, бастамалармен толықты.

Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауына қатысуға келісім беру арқылы біздің ертеңгі күнге сенімімізді нығайтты.

Себебі, біздің елімізге тұрақтылықты, бірлік пен келісімді, өркендеуді қамтамасыз ете алатын Мықты Көшбасшы керек.

Назарларыңызға рахмет!