"Бірлік" Политикалық
партиясының ресми сайты

орысша | қазақша

Партия бағдарламасы

«БІРЛІК» САЯСИ ПАРТИЯСЫ»
ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ

«Еліміз бен келер ұрпақтың өркендеуі

                                                                     үшін біздің бар күшіміз бен

                                                    мүмкіндіктерімізді біріктіретін кез келді»

Н.Назарбаев

 

«Бірлік» саяси партиясы»
қоғамдық бірлестігінің
БАҒДАРЛАМАСЫ

«Еліміздің әл-ауқаты және
прогресі – барлық ерікті, жауапты
әрі белсенді қазақстандықтардың ісі»

МАЗМҰНЫ

Кіріспе. Прогресс жолындағы бірлік.........................................2
Біздің принциптеріміз бен құндылықтарымыз........................2-3
Біздің мақсаттарымыз бен міндеттеріміз...............................4-20
Қорытынды.............................................................................20

 

КІРІСПЕ.

ПРОГРЕСС ЖОЛЫНДАҒЫ БІРЛІК

«Бірлік» саяси партиясы, онымен біріккен саяси күштер бөлісетін өзінің принциптері мен құндылықтарын негізге ала отырып, өзінің бағдарламасын ұсынады.

Біз, «Бірлік» партиясының мүшелері, халық алдындағы жауапкершілігімізді сезіне отырып, өз бағдарламамызда еліміздің прогрессивті дамуының, ұтымды мемлекеттік басқаруды, әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудің негіз қалаушы мақсаты мен стратегиясын келесі іске асыруды ұсынамыз.

Біз – өз тағдырын құра алатын дербес адамдардың, өзінің не тұратынын білетін және белсенді өмір ұстанымы бар әр түрлі кәсіптер мен әлеуметтік топтардың адамдарының партиясымыз. Біз дегеніміз – инженерлер мен жұмысшылар, фермерлер мен кәсіпкерлер, дәрігерлер мен мұғалімдер, мәдениет және өнер жұмыскерлері.

Біз барша қазақстандықтарға Қазақстанды табысты, әділ, рухани бай және өмір сүруге қолайлы, әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономикаға, саяси жүйесінің демократиялық құрылысына, қазақ халқы мен еліміздің басқа халықтарының дәстүрлеріне сай қоғамдық ізгілік принциптеріне сүйенетін мемлекетке айналдыру және нәтижесінде Ұлт көшбасшысы қойған 2050 жылға қарай әлемің ең дамыған отыз мемлекетінің қатарына қосылу міндетін шешу үшін бірігуді ұсынамыз.

Біз ондағы жоғарғы құндылық адам, оның құқықтары мен бостандықтары болатын, әркім де онда өзін толық аша алатын қоғамды бірлесіп құру үшін бірігуді ұсынамыз.

Біз қазақстандық қоғамың көпшілігінің талаптарына сай келеті біздің партиямыздың принциптері мен құндылықтарының негізінде бірігуді ұсынамыз. Олар мемлекетті, экономиканы, саясатты басқарудың топтастырушы құралы болып табылады және адамды саналы әрі абыройлы өмірге жетектейді.

 

БІЗДІҢ ПРИНЦИПТЕРІМІЗ БЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ

«Бірлік»саяси партиясы дегеніміз:

- патриоттық борыш және біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту үшін жауапкершілік партиясы;

  • демократия, азат нарық, құқық үстемдігі мен әлеуметтік және мүліктік жағдайынан тәуелсіз заң алдындағы теңдік идеяларын ұстанатын Қазақстанның прогрессивтік күштерінің партиясы. Партия демократиялық қоғамның басты тірегіне айналуға, тиімді экономиканы, орнық саяси және құқықтық жүйені дамытуға аянбай ат салысуға ниетті;
  • тұрақтылық және даму, эволюциялық жаңғырту және жаңарту, еліміздің проблемаларын тәжірибе мен дәстүрлерді, келер ұрпақтардың мүдделерін ескеруді негізге ала отырып, сатылап және ойластырып шешу партиясы;
  • әлеуметтік топтарды, ұлттарды, мәдениеттер мен діндерді бір біріне қарсы қоюға жол берілмеу керек деп санайты қоғамдық келісім партиясы. Қазақстан әрқашанда әр түрлі ұлттар мен діни ұстанымдары бар адамдардың арасындағы бейбітшілік пен достықтың үлгісі болған;
  • жеке меншік институтын адамның құқықтары мен бостандықтарының, азат экономика пен азат қоғамың негіздері және қайнар көзі ретінде принципиалдық қолдау және қорғау партиясы;
  • бостандықтың барлық маңызды қырларында: ой бостандығы, сөз бостандығы, жиналыстар бостандығы, дін бостандығы мен кәсіпкерлік бостандығында оның табанды жақтастарының партияссы. Партия адамның бостандығын оның басқа адамдардың бостандығын мойындауға, өзінің және қоғамның алдында жауапкершілік қабылдауға қабілеті деп түсінеді;
  • саясаты адамды бассыздықтан қорғауға, әлеуметтік, ұлттық және діни жаратылысынан тәуелсіз барша қазақстандықтр үшін бірдей бастапқы мүмкіндіктер жасауға бағытталған әлеуметтік әділдік партиясы;
  • аса маңызды дүниетанымдық қағидасы еңбекті өз қызметі мен кәсібінің шеңберінде борышын жауапты, білікті орындау деп, сондай-ақ жалқаулықтың, тұтынушы, масылдық және бос сенделген өмір салтының азғыруына қарсы ізгілік шарасы деп тану болып табылатын партия. Тап осындай еңбек Қазақстанда құрылған барған сайын сұранысқа ие экономикалық құрылысқа айналуда;
  • дәстүр бойынша өз бойында ізгілік құндылықтарды, халықтың жетістіктерін жиаған және өскелең ұрпақты олардың негізінде тәрбиелейтін отбасына аялап қарау партиясы. Отбасы – біздің қоғамымыздың іргетасы және партияның саясаты осы аса маңызды әлеуметтік институтты сақтап қалуға және дамытуға бағытталады.

 

БІЗДІҢ МАҚСАТТАРЫМЫЗ БЕН МІНДЕТТЕРІМІЗ

Саяси салада

Біздің партия, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зиялы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жариялайтынын негізге ала отырып, өзінің алдына төмендегі негізгі мақсаттар мен міндеттерді қояды:

  • қоғамдық пікірді және азаматтардың саяси еркін қалыптастыру;
  • саяси және қоғамдық науқандарға қатысу;
  • азаматтарға саяси білім беру және тәрбиелеу;
  • қоғамдық өмірдің әр түрлі мәселелері бойынша азаматтардың пікірлерін білдіру, ол пікірлерді жалпақ жұртшылықтың және мемлекеттік биліктің назарына жеткізу;
  • мемлекеттік билік және жергілікті өзін өзі басқару органдарында азаматтардың мүдделерін білдіру;
  • Қазақстан Республикасының Президенттігіне, республика Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттығына кандидаттар ұсыну; мәслихаттардағы өз өкілдері арқылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатуралар ұсыну;
  • жалпы ұлттық мүдделерді жақтайтын, бүкіл қоғамды тиімді дамыту жолында қызмет ететін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын, Қазақстанның Конституциясына және заңнамасына сәйкес әрекет ететін әр түрлі партиялармен және қоғамдық ұйымдармен серіктестік және конструктивтік қарым-қатынастарды негізге алатын еліміздің саяси жүйесін одан әрі жаңарту мен демократияны дамыту бойынша жүйелі және дәйекті жұмыс;
  • жоғарғы құндылықтары АДАМ, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылаты қоғамдық құрылысты іс жүзінде құру бойынша саяси шараларды жүзеге асыру;
  • ұлтаралық бірлік пен келісімді қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару жүйесінде әр түрлі ұлттардың азаматтарының өкілдік нысандарын жетілдіру;
  • азаматтық қоғамды дамыту және оның мемлекетпен теңқұқықты серіктестік бастауларында өзара әрекеттесуі, МЕҰ және басқа да қоғамдық институттарды дамытуға ат салысу;
  • конституциялық реформаны тереңдету және іске асыру;
  • президенттік-парламенттік билік нысанының моделіне көшу;
  • сот-құқықтық реформаны жүзеге асыру;
  • партия өкілдерін заңнамалық және өкілдік билік органдары мен жергілікті өзін өзі басқару органдарына сайлау немесе жолдау арқылы конституциялық жолмен билікке жету;
  • орталық және жергілікті деңгейлерде беделді, құзыретті заңнамалық (өкілдік) және атқарушы билікті қалыптастыру;
  • азаматтық қоғам мен мемлекеттің өкілеттіктерін және функцияларын ажыратудың шеңберінде билік пен қоғамның диалогының институционалдық-құқықтық қамтамасыз етілуіне қол жеткізу;
  • азаматтық қоғам мен мемлекеттің құзыреттілік және жауапкершілік салаларын көрсете отырып, олардың өзара әрекеттесу принциптерін заңнамалық түрде бекіту;
  • билікті бөлу принципін дәйекті түрде іске асыру және билік тармақтарының арасында демократия өлшемдеріне сай келетін тежеме және қарсы салмақ жүйесін қалыптастыру;
  • президенттік-парламенттік билік нысанының өлшемдеріне сай атқарушы және заңнамалық биліктің арасындағы өкілеттіктерді соңғысының пайдасына одан әрі қайта бөлуге ұмтылу;
  • Парламентке өкілдік және бақылау функцияларының берілуі мен азаматты бюрократиялық аппараттың бассыздығынан қорғау үшін жергілікті өкілді органдардың рөлін күшейтуге қол жеткізу;
  • атқарушы және сот билігін біржола ажырату мен Конституциялық Кеңестің рөлін күшейтуге ат салысу;
  • соттың тәуелсізддігі мен оның мемлекетке және қоғамға есептік бағыныштылығы проблемасын заңнамалық тұрғыдан шешуге ат салысу;
  • мақсаттары мен міндеттері жағынан жақын шетелдік саяси партиялармен және қоғамдық бірлестіктермен байланыстар орнату және дамыту.

 

Мемлекеттік салада

Бүгінгі кезеңде тек мықты мемлекеттік билік қана азаматтық қоғамның құрылымдарымен өзара әрекеттесе отырып, халықтың тірлігінің барлық негізгі проблемаларын шешуге қабілетті. Қазақстан мемлекеттілігін нығайту мен дамыту жөніндегі шаралар Бес институционалдық реформаны іске асырудың 100 қадамы - Ұлт жоспарында неғұрлым толық, мазмұнды және мемлекеттік құрылыс пен оның қолданылуының қазіргі заманғы қағидаттарына сәйкес көрсетілген. Біз: І. Кәсіби мемлекетті қалыптастыру. ІІ. Заңның ұлықтығын қамтамасыз ету. V. Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру институционалдық реформаларын қолдаймыз, оларды партияның мемлекеттік саладағы бағдарламалық ережелерін орындау үдерісіндегі негізін құраушы реформалар деп санаймыз. Ұлт жоспарының І, ІІ және V реформаларымен сәйкестендіре отырып, біз мыналар үшін:

  • Қазақстанда унитарлық мемлекеттік құрылысты нығайту, оның аумағының бүтіндігі мен қол сұғылмаушылығын сақтау, онда тұрып жатқан барлық халықтардың теңқұқықтығы;
  • басқаруды орталықсыздандыру;
  • мемлекеттік басқару деңгейлерінің, орталық пен аймақтардың өкілеттіктері мен функцияларын біржола ажырату;
  • мемлекеттік және қоғамдық бастауды үйлесімді ұштастырудың негізінде жергілікті өзін өзі басқару жүйесін қалыптастыру;
  • мемлекеттік билік органдарының негізгі актілер мен шешімдер қабылдау технологиясын оларды тәуелсіз сараптаудың негізінде өзгерту, сондай-ақ қоғамдық бақылауды іс жүзінде жүзеге асыру үшін шешімдер қабылдау үдерісінің барынша мүмкін көлегейсіздігін қамтамасыз ету;
  • бақылаушы органдардың құқық қолдану өкілеттіктерін сотқа табысту;
  • лауазымды тұлғалардың заңсыз шешімдер қабылдау үшін жауапкершілігін күшейту;
  • негізсіз шешімдер қабылдамау мен сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерге жол бермеу кепілдігі, тұрақтылық пен қауіпсіздік кепілі, мемлекет пен азаматтардың өзара адал қарым-қатынастарының негізі ретінде халықтың басым көпшілігінің мүдделерін білдіретін жауапты Үкімет;
  • заңнамалық және атқарушы биліктің ішкі құрылымдарының қарым-қатынастарын елеулі оңайлату және министрліктер мен ведомстволардың, комитеттер мен қосалқы комитеттердің санын, мемлекеттік органдардың функцияларының көлемін минималды қажет деңгейге дейін қысқарту;
  • мемлекеттік басқаруды кәсіпқой, білімді және жауапты кадрлармен қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару органдарында мансапқа кедергі жасайтын номенклатуралық бөгеттерді жою;
  • азаматтардың мемлекеттік билік органдарының қолында бар ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндіктері туралы заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ электрондық үкіметті дамыту;
  • мемлекеттік, соның ішінде құқық қорғау органдарының жұмыскерлерінің тарапынан сыбайлас жемқорлыққа және басқа да құқық бұзушылықтарға қарсы шараларды қатайту;
  • заңнамаға ұлттық және ірі жекеше компаниялардың қызметінің көлегейсіздігін қамтамасыз ететін өзгертулер мен толықтырулар енгізу;

 

Экономикалық салада

Тәуелсіздік жылдарының ішінде Қазақстанда нарықтық қатынастарды дамытуға бағдарланған принциптік жңа экономика құрылды. Соның арқасында, елімізге ТМД елдерінде алдыңғы қатардағы орындарды алуға мүмкіндік берген айтарлықтай экономика өсуге қол жеткізудің сәті түсті.

Сонымен бірге, Қазақстанның экономикасында одан әрі дамуға тежеу болған елеулі проблемалар да бар. Олардың шешілмегендігі, сондай-ақ сыртқы қолайсыз экономикалық факторлар елдегі экономикалық дағдарыстың себептеріне айналды.

Бәрінен бұрын, Қазақстанның экономикасының, әсіресе экспорттық экономиканың осал әртараптандырылуы өзіне назар аудартады. Еліміз ірі шикізат капиталының көзі ретінде дамуын жалғастыруда. Отандық экономиканың негізі ресурстар болып қала беруде, бұл әлеуетте тұрақсыздандырушы фактор болып табылады.

Кәсіпкерлерге ғылыми зерттеулер мен әзірленімдерді енгізуге, инновациялар мен жоғары технологияларды қолдануға мүмкіндік бермейтін экономикалық дамыған елдерден технологиялық артта қалу елеулі проблема болып табылады.

Мемлекеттің және кәсіпкерлік топтың ұдайы күш салуына қарамастан, шағын және орта бизнестің мүдделері мен құқықтары жеткілікті қорғалмай отыр. Билік пен бизнестің арасында өркениетті қатынастарды қалыптастыру үдерісі қиындықтармен жүзеге асуда.

Шетелдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын және орта бизнестің сәтті дамуы ел экономикасының және әл-ауқатының тұрақты өсуін қамтамасыз етеді.

Экономика саласында партия Бес институционалдық реформаны іске асырудың 100 қадамы - Ұлт жоспарының ІІІ институционалдық реформасының ережелері мен шараларын  өзінің экономика саласындағы қызметінің негізі ретінде алады және мыналарды жақтайды:

  • табиғи ресурстарды бүкіл қазақстандық қоғамның игілігіне пайдалану;
  • экономиканың шикізаттық салаларын әртараптандыруды жүзеге асыру;
  • монополизммен және нарық субъектілерінің өзінің үстем жағдайын пайдалануымен белсенді күресу;
  • дамыған елдердің қатарына қосылу шарты ретінде бәсекеге қабілетті экономика;
  • еліміздің Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын индустрияландырудың екінші бесжылдығын іске асыру жолымен тиімді экономикалық жүйені қалыптастыру;
  • ғылым қажетсінетін өндіріс, заманауи, соның ішінде ақпараттық технологиялар;
  • ұлтаралық деңгейдегі және маңыздағы шепбұзар жобаларды іске асыру, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнімдер өндіру;
  • мемлекеттің тиімді инвестициялық саясатын жүргізу;
  • экономиканы мемлекеттік реттеу принциптерін өзгерту;
  • азаматтардың экономикалық құқықтарын іске асырудағы бюрократиялық, заңнамалық және салықтық кедергілерді жою;
  • шағын және орта бизнесті дамыту, ол үшін қажет барлық институционалдық-құқықтық механизмдер мен кәсіпкерлердің азат қызметіне кепілдіктерді құру;
  • кәсіпкерлік қызметті жандандыру үшін салық заңнамасын жетілдіру және бизнес-құрылымдардың әлеуметтік проблемаларды шешуге қатысуын ынталандыру;
  • халықтың әл-ауқатын арттырудың негізгі шараты ретінде әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономика;
  • әлеуметтік жауапты бизнес, оны мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға енгізу.

 

Әлеуметтік салада

Партия әлеуметтік саланы дамытуды оның іске асырылуы елімізді жаңартудың және әлемнің бәсекеге қабілет елдерінің қатарына қосылудың маңызды шарты болып табылатын өзінің ұзақ мерзімді басым бағыты ретінде қарастырады. Партия мемлекеттің әлеуметтік функциясын күшейтуді, қоғамның гуманизациясы мен кемелдігі дәрежесінің көрсеткіші ретінде әлеуметтік кепілдіктердің жаңа тиімді жүйесін құруды, әлеуметтік саясаттың жаңа концепциясын әзірлеуді жақтайды. Сонымен қатар, біз тең қалыптандырушылық пен мемлекеттік патернализмге қарсымыз. Сондай-ақ мемлекеттің есебінен күн көруге тырысатын еңбекке қабілетті азаматтардың арамтамақтығы мен жауапсыздығын қоштауға жол беруге болмайды деп санаймыз.

Біз Бес институционалдық реформаны іске асырудың 100 қадамы - Ұлт жоспарының ІІІ институционалдық реформасының әлеуметтік саясат жөніндегі ережелері қолдаймыз және оны іске асыру бойынша барлық күш-жігерді қолдану қажет деп санаймыз.

«Бірлік» партиясы адамдардың абыройлы өмір деңгейін жасауды қамтамасыз ететін әлеуметтік бағдарламаларға саяси қолдау көрсететін, сондай-ақ сапалы жоғары дамыған әлеуметтік салаға жетуге бағытталған заң жобаларына бастама жасайтын болады.

Әлеуметтік проблемалар халықаралық өлшемдер мен стандарттарға сәйкес шешілуге тиіс.

Партияның әлеуметтік саладағы мақсаттары мыналар болып табылады:

  • азаматтардың әлемдік стандарттарға сәйкес келетін жоғары өмір сапасын қамтамасыз ету;
  • өндірісті инновациялық дамытудың, шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасаудың, экономиканы жаңарту мен әртараптандырудың және күйзелісті аудандарды көтерудің, қосымша жұмыс орындарын құрудың, қоғамның айтарлықтай мүліктік жіктелуін еңсерудің негізінде кедейшілік пен жұмыссыздықты қысқарту;
  • орта тапты – демократияның әлеуметтік тірегін қалыптастыру;
  • тиімді әрі қолжетімді денсаулық сақтау жүйесін, халықтың жалпақ топтары үшін сапалы, әлемдік стандарттарға сәйкес келетін медициналық жәрдем құру;
  • демографиялық және миграциялық үдерістерді тиімді реттеу;
  • мәдени құндылықтарды сақтап қалу және көбейту мен халықтың жалпақ санын мәдениет жетістіктеріне ортақтастыру, білім мен ғылымды жажақты дамыту.

Бұл мақсаттарға жету үшін төмендегі міндеттерді шешу қажет:

  • өмірдің жоғары сапасын қамтамасыз етудің біртұтас концепциясының негізінде әлеуметтік дамудың заманауи кешенді бағдарламасын әзірлеу және іске асыру;
  • әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру көлемін ұлғайту;
  • жұмыс берушілердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру;
  • әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс жүйесін кеңейту мен жетілдіру бойынша шаралар қабылдау және стимулдарды арттыру және жеңілдіктер мен преференцияларды кеңейту жолымен үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес-құрылымдардың оларды орындауға қатысуын жандандыру;
  • жаңа әлеуметтік бағдарланған салық кодексін әзірлеу;
  • халықты жұмыспен қамтудың жаңа бағдарламасын, сондай-ақ экономикалық дамудың жаңа типіне көшуді ескере отырып, жұмыссыздар мен олардың отбасыларын әлеуметтік қорғау бағдарламасын дайындау;
  • бос жұмыс орындары туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ететін қызметтер саласын кеңейту;
  • қайта оқыту мен жаңа кәсіптерге оқып-үйретудің мемлекеттік бағдарламасын, әсіресе ауылдағы жастарға арналған бағдарламалар әзірлеу және іске асыру;
  • халықтың әлеуметтік осал топтарына, тұрмысы нашар азаматтарға, көп балалы отбасыларға, мүгедектерге, жалғыз басты аналарға, асыраушысынан айырылған, экологиялық қолайсыз аудандарда тұрып жатқан, жаппай саяси қуғын-сұргіннен зардап шеккен адамдарға атаулы көмек көрсетуді күшейту;
  • зейнетақылық жүйені реформалау, зейнетақы мөлшерінің жұмыскердің еңбекақысы мен еңбек үлесіне тәуелді болуын қамтамасыз ету;
  • бюджеттік саланың жұмыскерлерінің еңбекақысын тұрақты арттырып отыруды, зейнетақы есептеудің негізіне біліктілікті, жұмыс өтілін, еңбекақыны және мемлекетті дамытуға қосқан үлесті ала отырып, зейнетақылар мен жәрдемақыларды арттыруды және индексациялауды қамтамасыз ету.

 

Білім және ғылым саласында

Партия ғылым мен білімді дамытуды орнықты дамуды, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мен еліміздің бәсекеге қабілетін қамтамасыз етудің аса маңызды факторы ретінде қарастырады. Ол ғылым мен білімді жаңа жағдайларға, нарықтық қатынастарға бейімдеуді және тірлікті қамтамасыз етудің стратегиялық маңызды жүйелері ретінде қоғамда олардың мәртебесі мен беделін толық қалпына келтіруді жақтайды.

Партия Бес институционалдық реформаны іске асырудың 100 қадамы - Ұлт жоспарының ІІІ институционалдық реформасының білім мен ғылымды дамыту жөніндегі ережелері мен қадамдарын дер кезінде қойылған әрі қажетті деп санайды және оларды өздерінің осы саладағы қызметін синхрондауға ниетті.

Партия тиімді білім беру жүйесін, білім беру қызметтерінің бірыңғай стандарттарын енгізуді, білім берудің қолжетімділігін кеңейтуді жақтайды.

Білім беру тек жастарды тәрбиелеудің дәстүрлі саласы ғана емес, сонымен қатар адами капиталды қалыптастырудың негізі.

Білім және ғылым саласындағы аса маңызды міндеттер мыналар болып табылады:

  • әлемдік білім беру кеңістігіне интеграция және білім беру жүйесін әлемдік стандарттардың деңгейіне көтеру;
  • мамандарды дайындау сапасын, жоғарғы оқу орындары оқытушыларының ғылыми-педагогикалық деңгейін арттыру;
  • жоғары білікті жұмысшылар, техниктер мен экономикаың заманауи салаларының басқа мамандарын дайындау мақсатында қалалық және ауылдық елді мекендерде бастауыш және орта арнайы оқу орындары, колледждер, ҚКТУ желісін кеңейту;
  • Мемлекет басшысы ұсынған жаңа жоба – «Жалпыға бірдей тегін кәсіби-техникалық білім»;
  • әр адамға бүкіл ғұмыр бойына сапалы білім алуға мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету;
  • қоғам мен мемлекеттің заманауи ғылыми зерттеулер мен әзірленімдерге қажеттіліктеріне сай келетін ғылым туралы жаңа заң қабылдау;
  • мемлекеттің тарапынан ғылыми-техникалық прогрестің арнасындағы инновациялық жобаларға тиімді көмек көрсету;
  • гранттар беру, басқа да стимулдар мен ынталандыратын жағдайлар жасау жолымен новатор ғалымдар мен дарынды жас ғалымдарды пәрменді қолдау;
  • ғалымдардың ұйымдары, қауымдастықтары мен қоғамдық ғылыми бірлестіктер үшін жағдайлар жасау;
  • ауылда білім беру проблемаларын кешенді шешу (материалдық-техникалық қамтамасыз ету, кадрлармен жиынтықтау, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасау, еңбекақыны көтеру, ауыл мұғалімдеріне жеңілдіктер мен преференцияларды кеңейту).

Партия бұл міндеттерді іске асыру үшін міндетті шарттар төмендегілер болып табылады деп санайды:

  • ғылым мен білімнің материалдық-техникалық базасын нығайту, білім беру үдерісіне ақпараттық технологияларды кеңінен енгізу;
  • ғылыми және білім саласының жұмыскерлерінің материалдық әл-ауқатын жақсарту;
  • іргелі және қолданбалы зерттеулер үшін ғылым мен білімге инвестицияларды ұлғайту, оларды қаржыландырудың қалдықтық принципін еңсеру;
  • оқытушылардың біліктілігін ескере отырып, олардың еңбекақысын елеулі көтеру;
  • жоғарғы оқу орындарында білім беру сапасын арттыра отырып, олардың санын қысқарту, жоғарғы оқу орындарына қабылдауды мамандарға қажеттілікті болжаумен байланыстыра отырып жоспарлау;
  • бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесін дамыту, соның ішінде мамандығы бойынша оқу мен кәсіпорында жұмыс істеуді қосарластыратын кәсіптік білім берудің қосарланған жүйесін енгізу;
  • мемлекеттің, бизнестің, ғылым мен білімнің тығыз өзара әрекеттесуі, инновациялық сипаттағы ғылыми зерттеулермен белсенді айналысатын кәсіпкерлік ұйымдарды ынталандыру;
  • ғылыми және ғылыми-техникалық инновациялық қызметтің заңнамалық базасын жетілдіру;
  • білім туралы заңға тиісті түзетулер енгізу жолымен халықтың әр түрлі санаттарының үзіліссіз білім алуға қол жеткізу мүмкіндігін кеңейту.

 

Денсаулық сақтау, отбасын, ана мен баланы қорғау саласында

Денсаулық сақтау, отбасын, ана мен баланы қорғау саласында партия адамдардың денсаулығын қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құруды, халықтың жалпақ топтары үшін сапалы, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін медициналық жәрдемнің қолжетімділігін, ерікті медициналық сақтандыруды, аурулардың профилактикасын күшейтуді, салауатты өмір салтын қалыптастыруды жақтайды. Біз медициналық жұмыскерлердің еңбек уәждемесін бұрмалайтын денсаулық сақтауды шамадан тыс коммерцияландыруға қарсымыз.

Біздің бұл саладағы мақсаттарымыз бен міндеттеріміз денсаулық сақтау жүйесінің әлі де болса адамдардың сұранысына, азаматтардың талаптарына сәйкес келмейтінімен анықталады. Кейінге қалдырмай шешімі талап ететін бірқатар проблемалар жинақталып қалған.

Біз Бес институционалдық реформаны іске асырудың 100 қадамы - Ұлт жоспарының ІІІ институционалдық реформасында белгіленген денсаулық сақтауды дамыту, отбасына, ана мен балаға қолдау көрсету жөніндегі шараларды толық қолдаймыз.

Партия отбасын жоғарғы әлеуметтік құндылық, адамның үйлесімді дамуының, ізгіліктің, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің негізі ретінде қарастырады. Біз ұлттық салт-дәстүрді сақтап қалудың, жастарды дәстүрлі мораль рухында тәрбиелеудің, келер ұрпаққа ата-бабаның баға жетпес өмір тәжірибесін жеткізудің сенімді амалы болып табылатын отбасының беделін қайта жаңғыртуды қоштаймыз. Біз отбасын нығайтуды, ана мен баланы қорғауды, жас отбасыларды мемлекеттік қолдауды, мемлекеттің демографиялық саясатының аса маңызды ресурсы ретінде ана мен баланы қорғаудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды жақтаймыз.

Денсаулық сақтау, отбасын, ана мен баланы қорғау саласындағы мақсатты іске асыруға ат салыса отырып, партия күштерін төмендегілерге бағыттауға ниетті:

  • денсаулық сақтау жүйесінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру;
  • ақысыз тұрақты диспансеризация арқылы медицинаның профилактикалық сипатын қайтару;
  • дамыған елдерде қабылданған емдеудің міндетті стандарттары мен хаттамаларын енгізу және дәрігерлерге ондай стандарттарды қатаң ұстануға міндет жүктеу;
  • пациенттерге еліміздің аумағында кез келген денсаулық сақтау мекемесінде емделу құқығын беру;
  • дені сау ұлт инфрақұрылымын дамыту;
  • салауатты өмір салтын насихаттау;
  • маскүнемдік пен есірткіқұмарлықтың тамырына балта шабу;
  • балалардың біржолғы және айлық жәрдемақыларының бәрін үш есе ұлғайту;
  • жас отбасыларға әр бала туған кезде оларды 25 пайызға өтеумен баспана сатып алуға мемлекеттік пайызсыз несиелер бөлу;
  • балалардың панасыздығы мен қараусыз қалуының алдын алу және тыю, ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларды күтіп ұстауды, оқытуды және тәрбиелеуді қамтамасыз ететін мекемелер желісін нығайту.

 

Мәдениет саласында

Тәуелсіздік жылдарының ішінде елімізде тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту, сақтап қалу және көбейту, өнердік кәсіптік түрлерін дамыту, қазақ ұлттық мәдениеті мен Қазақстан Республикасын мекендйтін ұлттар мен этностардың мәдениеттерін сақтап қалу және дамыту, халықаралық мәдени ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету бойынша шаралар қабылданды. Ұлттық мәдениетті қайта жаңғыртуға және оны әрі қарай дамыту үшін жағдайлар жасауға бағытталған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы әзірленді және іске асырылуда. ЮНЕСКО пікірі бойынша, бұл бірегей құжат басқа елдер үшін үлгі бола алады.

Партия Бес институционалдық реформаны іске асырудың 100 қадамы - Ұлт жоспарының ІІІ институционалдық реформасында көрініс тапқан мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат пен практикалық қадамдарды қазақстандық мәдениеттің дамуының қазіргі заманғы қажеттіліктеріне жауап беретін және қолдау көрсететін  шаралар деп біледі.

Партия мәдениетті дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын құрудың және уақыт талаптарын, біздің бүкіл қоғамымыздың қажеттіліктері мен мүдделерін ескеретін концепцияны алдын ала әзірлеудің уақыты келіп жетті деп санайды. Бұл, әсіресе, әр елдің алдында ұлттық сәйкестік пен өзіндік болмысын сақтап қалудың және сонымен қатар әлемдік мәдени кеңістікке интеграцияның проблемасы өршіген нысанда бас көтерген ғаламдастыру жағдайларында өзекті болып отыр.

Мемлекеттің бұл саладағы саясаты мәдениеттің қоғамдағы рөлі мен маңызын жете бағаламайды, оған адамның ізгілік, рухани дүниесін қалыптастыруда негізінен ілеспе функцияларды таңады.

Партия мәдениетті халықтың іштей бірлігіне жетудің, өзіміздің қайдан, қайда және қандай жолмен келе жатқанымызды түсінудің аса маңызды ресурстарының бірі ретінде қарастырады. Прогресс орын алған кез келген елде әдетте ұлт топтасқан, жұмылған болып келеді, ортақ құндылықтар шәкілі болады. Біздің ұлттық мәдениетіміз, өзіндік болмысымыз да сондай-ақ бүгінгі қазақстандықтың рухани дүниесінің етене бөлігіне айналуға тиіс. Біздің Елбасының жолдаулары осыған, әсіресе соңғы уақытта, тұрақты арналуда.

Біздің партиямыз тап осы дәстүрлі, қазақ ұлтын тарихи қолдап, сақтап келген және дербес, заманауи әрі табысты халыққа жетілдірген халық құндылықтарына баса зейін аударады. Халқымыздың руханилығы тарихи маңызды дәулетті құрайды және адамды тәрбиелеудің пәрменді құралы бола алады.

Интернет арқылы біздің қоғамға рухани жат идеологияны, саржағал баспасөздің қарадүрсі тоғышарлық түсініктерін таңу, біздің мәдени ортамыздың салғырттығы жағдайларында біздің азаматтарымыз үшін, әсіресе жастар үшін, руханилықтың маңызы төтенше өзекті болуда. Біз оны аттағанда өзіміздің мәдени сәйкестігімізден, өркениеттік нышандардан айырылу басталатын межеге қатерлі тақалып қалдық. Бүгінгі жас ұрпақ барған сайын біздің дәстүрлі рухани мұрамызбен байланысын үзуде. «Бірлік» – халықтың рухани-мәдени құндылықтарыа аялап қарайтын партия және өзінің саяси қызметінде адамның дүниетанымын қалыптастыруға нысаналы бағытталған ықпал көрсетуді жүзеге асыратын, елімізде мәдениет пен өнерді дамыту бойынша барлық шараларға қолдау көрсететін болады. Біз барлық халық театрлары ме өз қалаларымызда және ауылдарымызда бар басқа да мәдениет ошақтарын қайта жаңғырту идеясын іске асырғымыз келеді. Біз қазақ пен орыстың мәдениет ескерткіштерін, көрнекті жазушылардың, музыканттардың, суретшілердің есімдерін материалдық тасымалдауыштарда мәңгіге сақтаған маңызды деген ойдамыз.

Сонымен қатар, біз мыналарды қажет деп санаймыз:

  • көп ұлтты елдің біртұтастығын сақтаудың негізгі элементі ретінде мәдениетті қаржыландырудың басымдығын қамтамасыз ету;
  • кітапханалардың, мұражайлардың, мұрағаттар мен басқа да мәдени-білім беру мекемелерінің қызметін барынша жандандыру;
  • аймақтарда шығармашылық кластерлер желісін құру (мұражайлық қалашықтар, заманауи өнер, дизайн және сән орталықтары; мәдени-туристік кешендер, тәуелсіз киностудиялар, продюсерлік орталықтар және т.б.); азаматтардың театрлар, мұражайлар, кітапханалар құруын ынталандыру.

 

Этносаралық қатынастар саласында

Қазақстан – көп этносты мемлекет, бұл тек әлеуметтік топтардың мүдделерінің ғана емес, сонымен қатар этникалық қоғамдастықтардың сан алуан мүдделерінің үйлесімдігін талап етеді.

Біз еліміздің мемлекет түзетін ұлты қазақ халқы, ал мемлекеттік тіл – қазақ тілі болып табылады дегенге саямыз. Барлық азаматтардың өздерінің ұлттық жаратылысынан тәуелсіз бірдей құқықтары бар. Біз орыс тілі әлемдік мәдени, білім беру, ғылыми және ақпараттық кеңістікке шығудың нақты арнасы болып табылатынын ескере отырып, орыс тілін дамытуға және оны зерделеуге мән береміз.

Тәуелсіздік жылдарының ішінде елімізде "қазақстандық жол" деп аталатын бірегей даму моделі, ұлттық келісім моделі қалыптасты. Оның тиімді құралы конституциялық орган – Қазақстан халықтары Ассамблеясы болды. Біз Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – Үлкен отбасы» ауқымды жобасын әзірлеу және іске асыру қажеттілігіне қолдау көрсетеміз, ол қазақстандық сәйкестілікті нығайтып, біртұтас азаматтық ққоғамдастықты құруға жағдай жасайды.

Біз сатылық демократизация мен азаматтардың ұлттық және діни жаратылысынан тәуелсіз олардың бастамасына ерік беру саясатын жақтаймыз және алдындағы кезеңнің басты қорытындысы сәйкестік дағдарысын еңсеру мен Қазақстан халқының мәдениеттердің, дәстүрлердің, діндер мен тілдердің сан алуандығын жоққа шығармайтын, керісінше, көздейтін бірыңғай қоғамдастық ретінде қалыптасуының қарқынды жүріп жатқан үдерісі болып табылады деп санаймыз. Біздің стратегиялық міндетіміз – елімізді үдете дамыту мақсаттарында қоғамды әрі қарай топтастыру.

Біз этносаралық, мәдениетаралық және конфессияаралық келісімді қоғамның тұрақтылығының және мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына жетудің аса маңызды факторы ретінде қарастырамыз және осы келісімді сақтап қалу мен нығайту үшін бәрін де жасаймыз.

Партия этносаралық қатынастар саласындағы маңызды стратегиялық міндеттер төмендегілер болып табылады деп санайды:

  • мәдениеттер мен діндердің диалогының жаңа нысандарын іздеу, Қазақстан халықтары Ассамблеясының осы бағыттағы қызметін жандандыру жолымен этносаралық келісімді одан әрі нығайту;
  • этностардың мүдделерін анағұрлым толық ескеру мен олардың заңнамалық және атқарушы билік құрылымдарындағы өкілдігін кеңейтудің жаңа механизмдерін құру және пайдалану;
  • мемлекеттік тілді дамыту және бұл міндетке сәйкес келетін жалпыұлттық сананы қалыптастыру. Қазақ тілі біздің қоғамымызды топтастыру факторына айналуға, өзінің функциялары мен қолданылу салаларын дәйекті түрде кеңейтуге тиіс;
  • саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, діни бірлестіктердің, шығармашылық одақтар мен ғылыми мекемелердің этникалық қоғамдастықтардың жемісті диалогын нығайтуға белсенді қатысуы және олардың арасында демократиялық принциптердің негізінде өзіндік қоғамдық келісімшарт жасасу.

 

Жастар саясаты саласында

Партия жастардың еркін дамуы, олардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени құқықтары мен бостандықтарын қорғау және іске асыру, әлеуметтік белсенділігін, оның инновациялық әлеуеті мен патриотизмін дамыту үшін жағдайлар жасауға көмектесетін болады.

Біз жастарды бүгінгі тірлікке әлеуметтік бейімдеу жүйесін қалыптастыруды, мемлекеттің олардың әлеуметтік-экономикалық және мәдени-білімдік дамуы үшін жаңа, уақыт талаптарына сай жағдайлар жасауын жақтаймыз.

Біз жастарға қатысты әлеуметтік және материалдық жеңілдіктерді көздейтін заңнаманы жетілдіруді жақтаймыз.

Біз жастар бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз ететін аймақтық бюджеттік қаражаттардың транспаренттілігін және ұлғайтылуын жақтаймыз.

Біз барлық деңгейлердің әкімдерінің жанында жастардың қоғамдық бірлестіктерінің көшбасшыларының қатарынан жастар саясаты жөніндегі штатта тыс кеңесшілер институтының құрылуын жақтаймыз, бұл әрбір жеке алынған аймақта жастардың проблемаларын жіті қоюды және баламалы шешімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Студенттер қауымы қай уақытта болмасын қоғамның алдыңғы қатарлы әрі белсенді бөлігі болып келді, және қазір оқитын жастардың азаматтық кемелдігін арттыруға және құқықтары мен бостандықтарын қорғауға болысатын «Студенттің мәртебесі туралы» Заң қабылдаудың қажеттілігі туындап отыр.

Біз мемлекеттің және жастардың патерналистік бастауларда емес, бірақ тең әрі серіктестік қатынастардағы ынтымақтастығын жақтаймыз.

Біз кәмелет жасына толмаған, әсіресе балалар үйлері мен интернаттарда тәрбиеленетін жандардың құқықтарын қорғау бойынша саясатты іске асыру мәселелері бойынша мемлекетпен ынтымақтастықты жақтаймыз.

Партия шетелдік азаматтар асырап алған қазақстандық блалардың тағдырын мемлекет тарапынан бақылауды күшейту қажет деп санайды.

Біз құқық қорғау органдарына кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер мен жастардың арасындағы құқық бұзушылықтардың, есірткіқұмарлықтың, токсикоманияның және басқа теріс құбылыстардың профилактикасында және олармен күресте жәрдемдесуді жақтаймыз.

Біз дарынды жастарды іздеуді және мемлекеттік қолдауды кеңейтуді жақтаймыз.

Біз өз партиямызға оның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін қолдайтын жастарды тартуды қоштаймыз.

 

Ауылды қайта жаңғырту саласында

Партия аграрлық секторды ұлттық экономиканы дамытудың аса маңызды факторы ретінде дамытуға баса назар аударады және оған бүгінгі таңға қарай орындалған ауылды қолдаудың үш жылдық бағдарламасы болысқанын атап көрсетеді.

Біз ауылды тек еңбек ету саласы ретінде ғана емес, сонымен қатар еліміздің халқының айтарлықтай бөлігінің өмір сүретін ортасы, халықтың салт-дәстүрлерін, тұрмысы мен мәдениетін сақтаушы ретінде қарастырамыз. Партия аграрлық секторда нарықтық қатынастарды одан әрі реформалауды, ауылдық аумақтарды дамытуды жақтайды.

«Бірлік» партиясы өзінің күшін ауылды қайта жаңғырту, көтеру бойынша мемлекеттік саясатты, ауыл шаруашылығы өндірісін жаңарту, жеміс консервілері мен ет-сүт өнімдері өндірісінің заманауи технологиялары бар қайта өңдеу өнеркәсібі инфрақұрылымын құру жобаларын ілгерілетуге бағыттауға ниетті. Біз заңда бар, кәсіпкерлік пен оның институттарын қолдайтын мүмкіндіктер ме нақты механизмдерді пайдалана отырып, ауылдағы бизнес-ортаны, ауыл буржуазиясын, ауылдағы орта тапты дамытуға белсенді ықпал ететін боламыз.

Ауылда орта тап егер оның мүдделері мен құндылықтартарын көтермелесе, қоғамдық санаға сіңірмесе, егер оның өсуін бұл ел Президентінің жобасы – АӨК жағдайында көрініс тапқандай саяси және әкімшілік тұрғыдан қолдамаса, ешқашанда қалыптаспайды. Осыған байланысты, біздің партиямыз ауылды қайта жаңғырту мақсаттарына жету жолында аймақтарда өздерін бірқатар елдерде жақсы танытқан мини-үкіметтер деңгейінде жұмысты ұйымдастыруды ұсынатын болады.

Бұл жерде экономикалық саладағы негізгі міндеттер мыналар болып табылады:

  • еліміздің азық-түліктік тәуелсіздігі мен азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • заманауи ғылым мен техника жетістіктерін енгізу жолымен ауыл шаруашылығы өндірісін жаңарту;
  • Жер кодексіне және ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мақсатында нарықтық айналымға енгізуге ықпал ететін басқа да заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу;
  • агроөнеркәсіптік кешеннің орнықты дамуын және оның өнімдерінің әлемдік нарықта бәсекеге қабілетін қамтамасыз ету;

Әлеуметтік салада ауылды қайта жаңғыртуда төмендегілер жорамалданады:

  • кедейшілікті, сондай-ақ ауыл және қала халқының табыстар дңгейі мен өмір сапасындағы елеулі айырмашылықтарды еңсеру;
  • ауыл халқын әлеуметтік сақтандыру;
  • ауылдың қызметтер мен әлеуметтік жабдықталудың бүкіл ауқымын қамтитын әлеуметтік инфрақұрылымын қалыптастыру;
  • халық кәсіпшіліктері дамыту және жабдықтау-өткізу кооперативтерінің қызметін ұйымдастыру.

 

Тұрғын үй саясаты саласында

  • тұрғын үй құрылысының кешенді бағдарламасын әзірлеу;
  • жер телімдерін өндірістік, әкімшілік және басқа объектілердің құрылысына бөлетін кезде азаматтардың – тұрғын үйлердің иелерінің заңды мүдделерін қамтамасыз ету;
  • жеке тұрғын үй құрылысын кең ауқымды дамыту үшін стимулдар құру;
  • әлемдік стандарттарға сәйкес жалға алынатын тұрғын үй нарығын құру;
  • электр энергиясын, су, жылу, газ және басқасын жеткізетін коммуналдық кәсіпорындардың қызметін мемлекеттің тарапынан қатаң бақылау;
  • коммуналдық қызметтер сапасыз жеткізілетін жағдайда, оларға тарифтерді төмендету;
  • ПМК құрудың оңайлатылған процедурасы, олардың тұрғын үйдің меншік иесінің алдындағы есептік бағыныштылығы және жұмысы қанағаттанарлықсыз болған жағдайда, оларды тұрғындар жиналысының алғашқы талап етуі бойынша ауыстырылуы;
  • мемлекеттің үйлерді күрделі жөндеуге қаржы бөлуі, өйткені үйлерді жеке меншікке табыстау кезінде олардың көбісі апаттық немесе оған жақын күйде болған;
  • кәсіпорындардың мемлекетке немесе жеке меншікке тиесілігінен тәуелсіз (акционерлік, кооперативтік және т.б.), оларға 10-15 жылдың ішінде өз жұмыскерлерін жарамды баға бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етуге міндет жүктеу;
  • халықтың басым бөлігінің табыстарын ескере отырып, тұрғын үй сатып алу немесе құрылысын салу үшін ипотекалық және басқа несиелендіру нысандарын жетілдіру;
  • облыстардың, қалалардың, аудандардың, ауылдардың әкімдері мемлекеттік бюджеттің есебінен тұрмысы нашар жандар үшін коммуналдық тұрғын үйлер салуға тиіс;
  • несиелендіру, әсіресе ипотекалық несиелендіру саласында мемлекеттік тәртіпке келтіру және бұл саладағы теріс пайдаланудың тамырына балта шабу бойынша шаралар қабылдау.

 

Экология саласында

  • қоршаған ортаны қорғауды және халықаралық стандарттарға сәйкес экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамды орнықты дамытудың негізгі экологиялық стандарттарын құру, Экологиялық кодексті халықаралық актілерге сәйкестікке келтіру мақсатында оған өзгертулер мен толықтырулар туралы ұсыныстар енгізу;
  • инновациялық табиғат қорғау технологияларын қолдау, әсіресе қайта жаңғыртылатын қуат көздерін пайдалануды мемлекеттік ынталандыру;
  • табиғи ортаны ластау үшін айыппұл мен басқа заңи санкциялардың мөлшерлерін ұлғайту;
  • қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық сараптауды қоғамдық бақылауды құру;
  • табиғи ресурстарды (орман, су, жер қойнауы, жануарлар мен өсімдіктер әлемін) үнемдеу;
  • жаңа ұлттық парктер, қорықтар мен басқа да табиғат қорғау аумақтарын құру;
  • экологиялық білім беру мен тәрбиелеуді жетілдіру;
  • өнеркәсіптік объектілердің құрылысын салуды тек жұртшылық міндетті түрде қатысатын экологиялық сараптама болған жағдайда ғана жүзеге асыру;
  • Қазақстанның аумағында шетелдік радиоактивті қалдықтарды көмуден бас тарту;
  • міндетті экологиялық аудитті енгізу.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Партия өзінің бағдарламасын екі сатыда орындауға ниетті:

Бірінші саты. 2013-2017 жылдар – экономикадағы дағдарыс жағдайларын еңсеру, әлеуметтік даму мен әлеуметтік саясаттың біртұтас тұжырымдамасын дайындауға қатысу, электрондық Үкімет жүйесін құру, сот билігін нығайту және оның тәуелсіздігі мақсаттарында сот реформасын жүргізу, әкімшілік реформаны жүзеге асыру, бәсекелестік туралы заңды әзірлеуге қатысу.

Екінші саты. 2017-2018 жылдар – ғылыми-өнеркәсіптік әлеуетті жандандыру, тұрақты экономикалық өсуге көшу, ұлттық өнеркәсіптің бәсекеге қабілетін арттыру, халықтың әл-ауқатын көтеру, толық емес және ішінара жұмыспен қамтудың сан алуан нысандарын пайдалану үшін құқықтық жағдайлар жасау.

Партия стратегиялық идеялар мен шешімдер табу бойынша белсенді жұмыс жүргізетін, қоғамды топтастырудың идеологиялық негіздерін, қоғамды әлеуметтік-саяси және экономикалық дамытудың негізгі бағыттары бойынша заң жобаларын әзірлеуге жәрдем көрсететін болады.

«Бірлік» саяси партиясының бұл Бағдарламасы «Руханият» қоғамдық бірлестігі мен «Әділет» демократиялық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің қызметінің негізгі қағидалары мен бағыттарының бірқатарын сақтап қалған.

Біз, «Бірлік» саяси партиясы, Қазақстан біздің бірлесе күш салуымыздың арқасында онда біздің азаматтарымыздың баршасының бақытты өмір сүруі үшін қолайлы жағдайлар жасалатын демократиялық, құқықтық, экономикалық тиімді және әлеуметтік ауқатты мемлекетке айналатынына сенімдіміз.