"Бірлік" Политикалық
партиясының ресми сайты

орысша | қазақша

«Бірлік» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің логотипі

«Бiрлiк» партиясы өзінің логотипі арқылы  түсінікті графикалық нысанда өзінің негізгі саяси құндылықтары мен мақсаттарын бейнелейді. Біздің түрлі түсті ашық брендіміз алуан түрлі әлеуметтік, ұлттық және мәдени ортаның адамдарын біріктіретін саяси ұйымның тұрақты, оңай тануға болатын, барлық басқа партиялардан ерекшеленетін бейнесін білдіруге арналған. Бес бұрышты түрлі түсті құрылым органикалық тұрғыдан біртұтас, бірыңғай және достық қалыптағы шабыт көзі ретінде бірлесіп мықты, игілікті Қазақстанды құруға шақырудан тұратын ақпаратты білдіреді.

Партияның бес күлтесі бар гүл түрінде бейнеленген   ерікті, қарапайым бейнесі «Бiрлiк» партиясының барлық қазақстандықтарға ниетті екенін, олардың қажеттіліктері мен мүдделерін бөлісетінін және оларды қанағаттандыру үшін қажетті іс-қимылдарды жүзеге асыруға дайын екендігін растайды.

Логотиптің ортасындағы көлденеңінен түскен «БIРЛIК» деген жазу түстік бірлік нышанын мазмұндық жағынан бекіте түседі және оған саяси маңызы бар қатаңдық мән береді.

«Бiрлiк» партиясы өз брендінің бейнесі партияға партия мүшелері мен оның жақтастарын шабыттандыруға және жұмылдыруға тиімді мүмкіндік береді, қазақстандықтардың партияның саяси ұмтылыстарын  оң қабылдап, дұрыс түсінуін қалыптастырады деп сенеді.