"Бірлік" Политикалық
партиясының ресми сайты

орысша | қазақша

«Бірлік» саяси партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлердегі мәслихаттар депутатта

Біз, «Бірлік» партиясының мүшелері, ы, члены партии «Бірлік», депутаттардың Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлердегі мәслихаттар депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы бастамасын толығымен қолдаймыз.  

Бүкіл әлем жаһандық экономикалық өзгерістер алдында тұрған, геосаяси жағдай тез арада жауап қайтаруды талап етіп тұрған дәл қазіргі кезде еліміз үшін тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенім ауадай қажет.

Нақ осы тұрақтылықтың арқасында біз өз болашағымызды жоспарлап, оны құруға, экономиканы дамытуға мүмкіндік алдық. Жаңа кәсіпорындарды, мектептер мен ауруханаларды, жаңа жұмыс орындарын аша алдық.

Бүгін, міне, сындарлы сәт туып тұр. Еліміздің алдында жаңа міндеттер тұр. Біздің мақсаттарымыз белгіленген, іс-қимылдарымыздың алгоритмін құруымыз қажет.

Дәл қазіргі сәтте ең алдымен, Парламенттен барлық күш пен  ресурстарды біріктіру талап етіледі.

Сайлаушылар көзделген мақсаттардың барлығының орындалатынына, еліміз бізге сырттан келген ауыр экономикалық дағдарыстан мейлінше аз шығынмен шығатынына сенімді болғылары келеді.  

Біз алдағы болатын сайлауды азаматтық бірігудің маңызды құралы ретінде қараймыз және барлық саяси партияларды алда болатын сайлауға сындарлы түрде қатысуға шақырамыз.

Астана қалалық  «Бірлік» саяси партиясы филиалының  баспасөз қызметі