"Бірлік" Политикалық
партиясының ресми сайты

орысша | қазақша

Біздер туралы баспасөз құралдары

Displaying 11-20 of 29 results.
«Бірлік» партиясы флеш-моб өткізді

«Бірлік» партиясының атынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлер үгіт-насихат жұмыстары аясында республикалық ғылыми-техникалық кітапханада Технология және бизнес колледжінің студенттерімен кездесті.

Келелі мәселелер қозғалған кездесу

«Бірлік» партиясының мүшелері мен партияның жастар қанаты Астанадағы Республикалық ғылыми-техникалық кітапханада технология және бизнес колледжінің студенттерімен кездесті. Кітапхана ісінің бүгінгі жағдайы мен даму перспективасы және кітап қорының үнемі жаңарып отыруы төңі­регіндегі пікір алмасулар «Бірлік» партиясы шарасының негізгі арқауы болды. Бас­па өнімдеріне деген оқырманның қызы­ғушылығын оятуға бағытталған акциялар мен түрлі шараларды ұйымдастыра оты­рып, қоғам өміріндегі кітаптың рөлін нығайтудың маңызы жөніндегі ойлар ортаға салынды.

«Бірлік» туризмді дамытуға шақырады

Әрбір мемлекеттің өркениеттілігін оның мәдени мұраға деген көзқарасына қарай танып-бағамдауға болады. Қазақстанның туристік әлеуетін дамыту және сырттан келетін туризмнің деңгейін көтеру «Бірлік» саяси партиясының басты назарындағы мәселелердің бірі болып отыр. Осыған орай партия мүшелері мемлекеттің Жібек жолы бойындағы тарихи орталықтарды жаңғырту бағдарламасына енгізілген Жамбыл облысына сапар шекті.

Рухани жаңғырудың жолы жарқын

«Бірлік» саяси партиясы кеше еліміздің барлық өңіріндегі қоғамдық қабылдау бөлімдерінде «Ашық есік күнін» өткізді. Мәселен, партия өкілдерінің айтуынша, Семей қаласындағы сайлаушылармен болған кездесу барысында саясат алаңына жаңа көтерілген «Бірлік» партиясына деген халықтың ықыласы ерекше болған.

Басты мақсат – табиғатты қорғау

«Бірлік» саяси партиясы еліміздің бар өңіріндегі қоғамдық қабылдау бөлімдерінде «Ашық есік күнін» жариялады.

 Партия төрағасының орынбасары Болат Байқадамов «Бірліктің» сайлауалды бағдарламасындағы іргелі үш мәселе төңірегінде сөз қозғады. Себебі «Ізгі ниет. Адал қызмет. Таза ортаны» мұрат еткен саяси ұйымның басты қағидаты – рухани түлеу, әлеуметтік әділдік және қоршаған ортаны қорғау.

«Бірлік» партиясының үгіт-насихат тобы Жамбыл облысына барды (ВИДЕО)

Мәдени құндылықтарды қаз-қалпында сақтап, келер ұрпаққа аманат ету. Осындай қағиданы ұстанған «Бірлік» партиясының өкілдері Жамбыл облысындағы сапарын «Айша бибі» кесенесінен бастады. Ықылым заманнан бері сақталып келе жатқан сәулет өнері туындысын аралады. Сондай-ақ жалпы аумағы 9 жарым гектарды алып жатқан «Көне Тараз» мұражайымен танысты. Сәулеті келіскен нысандарды сақтаудың келешек ұрпақ үшін маңызды екенін айта келе, өлкеде туризмді дамытуға қажетті инфрақұрылым жасалғанын атап өтті.

«Бірліктің» көздегені – халық бірлігі

«Бірлік» саяси партиясының Мәжіліс сайлауы науқанының төте жолындағы бұл кездесуі өзгешелігімен ерекшеленді. Тіпті, мұны «Бірлік» партиясы – Орал Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің аудиториясында шеберлік-сабағын өткізу шарасына тікелей ұйытқы болды деген жөн шығар.

«Бірлік» партиясы сайлауалды үгіт-насихат аясында бірқатар экологиялық шара өткізді

Бүгін Алматыда «Бірлік» партиясы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында халықтың экологиялық мәдениетін көтеруге бағытталған бірқатар экологиялық шара өткізді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

Дайындық барысы пысықталды

«Бірлік» партиясы үгіт-насихат науқанына дайын. Бұл туралы кеше «Бірлік» саяси партиясының басшылығының қатысуымен БАҚ өкілдеріне арналған партияның Орталық сайлауалды штабындағы брифингте айтылды.

«Бірлік» партиясы төрағасының орынбасары Болат Байқадамов партияның үгіт науқанына дайын екенін мәлімеді.

Ол партияның барлық деңгейдегі сайлауалды штабтары тиісінше жұмыс істеп тұрғанын, штабтардың қажетті техникамен және автокөлікпен қамтамасыз етілгенін айтты. «Бірлік» партиясы сайлауалды науқанға толық дайын. Бұған дейін партияның сайлауалды бағдарламасы қабылданып, үгіт-насихат жұмыстарының үнпарақтары мен плакаттары әзірленді. Партия билборд даярлайтын және оларды орналастыратын компаниялармен келісім-шарт жасасып, pp-birlik.kz атты ресми сайтын іске қосты», деді партия төрағасының орынбасары.