"Бірлік" Политикалық
партиясының ресми сайты

орысша | қазақша

Жаңалықтар

Displaying 1-10 of 31 results.
«Бірлік» халықтың қолдауына сенеді

«Бірлік» саяси партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали үгіт кампаниясының қорытындысы бойынша брифинг өткізді. Ол «Бірлік» партиясы саяси ұйым ретінде сайлауға бірінші рет  қатысып жатқанын атап көрсетіп: «біздің қатарымызда 53 мыңнан астам мүшеміз бар. Биыл бірінші рет «Бірліктің» атынан Парламент Мәжілісіне 8 кандидат, жергілікті мәслихаттарға 7 кандидат ұсындық. Олар - Қарағанды, Ақтөбе, Жамбыл, Орал, Ақтау, Шымкент, Павлодар  облыстарында түсіп жатыр. Барлығының да халықтың қолдауына ие болатынына сенеміз.

Мемлекет рөлін нығайтатын көрме

Қазіргі таңда ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне назар ерекше. Мұндай үрдістен «Бірлік» саяси партиясы да сырт қалмады. Аталған саяси құрылым Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстанның ауқымды жобасы – ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысты кітап көрмесін өткізіп, партияның ағымдағы міндеттері туралы әңгіме қозғады.

Бірлігіміз – биігіміз!

Қостанайда «Бірлік» саяси партиясының көшбас­шылары жергілікті этномәдени бірлестіктердің өкіл­дерімен және жастармен кездесулер өткізді. Солардың бірі – Парламент Мәжілісі депутаттығына партия ұсынған кан­дидат Мұрат Қожамқұлов.

«Бірліктің» көздегені берекелі тірлік

Қарағанды қаласында «Бірлік» саяси партиясының мүшелері кен-шахта жабдықтарын жөндеумен және қызмет көрсетумен айналысатын «Құрылыс Мет» компаниясының ұжымымен кездесті. Партия өкілдері өндірістік цехтарды аралап, кәсіпорынның бүгінгі тыныс-тірлігімен танысты.

Партия мүшелерінің қатары толықты

«Бірлік» саяси партиясының республикалық сайлауалды штабында партияға жаңа мүшелерді қабылдаудың салтанатты рәсімі өтті. Шараға Болат Байқадамов, Мұ­рат Раев, Роза Қуанышбаева, Төлеген Қуанышев, Мұ­рат Қо­жамқұ­лов секілді Парламент Мәжілісінің депутат­ты­ғы­нан үміт­кер­лер мен партияның өзге де өкілдері мен жастар қатысты.

«Менің Отаным» байқауы мәресіне жетті

«Бірлік» саяси партиясы сайлау науқанының аясында өткізілген «Менің Отаным» атты республикалық сурет байқауының нәтижесін шығарып, жеңімпаздарды марапаттады. Аталған байқау жастар арасында өз еліне деген патриоттық сезім мен сүйіспеншілікті насихаттауға негізделген. «Ізгі ниет! Адал қызмет! Таза орта!» ұраны шеңберінде саяси партия оның басымдықтарын айшықтай көрсетіп, өскелең ұрпақтың бойына өз еліне деген ұлтжандылықты дарытуға басымдық береді.

Жас жұбайларға тосын сый жасады

«Бірлік» партиясының мүшелері республика бойынша «Ақ тілек» бірегей акциясын ұйымдастырып, жас жұбайларға тосын сый жасады.

Ұсыныс-тілектер ескеріледі

«Бірлік» партиясының мүшелері Қарағандыдағы «Құрылыс Мет» ЖШС-інде болды. Кәсіпорын тау-кен-шахта жабдықтарына қызмет көрсетумен және оларды жөндеумен айналысады, өңірдің барлық өндіруші кәсіпорындарының қажеттілігін қамтамасыз етеді.

«Бірлік» партиясының белсенділері «АтырауАгроӨнімдері» кәсіпорнында болды

Бүгін «Бірлік» партиясы Атырау филиалы төрағасының орынбасары Төлеген Қуанышев бастаған белсенділер өңірдегі табысты кәсіпорындарының бірі - «АтырауАгроӨнімдері» кәсіпорнында болды. Партия мүшелері кәсіпорын ұжымымен өздерінің сайлауалды бағдарламасын талқылады, - деп хабарлайды баспасөз-қызметі.

«Бірлік» партиясының өкілдері бүгін «Бурабайға» табан тіреді (ВИДЕО)

«Бірлік» партиясының өкілдері бүгін "Бурабайға" табан тіреді. Тұмса табиғаят аясында саябақ қызметкерлерімен кездесті. Партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.  Жыл сайын Бурабайға 10 мыңнан астам турист келеді. Ол шетелдіктердің де таңдауына іліккен. Ал «Бірлік» партиясының бағдарламасында туризмді дамыту тетіктері қамтылған. Партия белсенділері Бурабайды әлемге танытытуды ойлайды. Туризм халықты жұмыспен қамтып, табыс әкелетін аса пайдалы сала. "Бірлік" өкілдері өлкенің  тұмса табиғатын қаз-қалпында сақтау үшін қоршаған ортаға жанашырлық танытуды тілге тиек етті.