"Бірлік" Политикалық
партиясының ресми сайты

орысша | қазақша

Партия туралы

«Бірлік» партиясын құру - саяси реформалар мен қоғамды жаңғыртуға қарай жүргізіліп жатқан маңызды қадам

АСТАНА. 26 сәуір 2013ж. Қоғамдық ұйымдар - «Әділет» және «Руханият» партиялары біртұтас қозғалысқа бірігу туралы шешім қабылдады.

Бүгін осы ұйымдардың облыстық және қалалық филиалдарының делегаттары кезектен тыс съездерде бірауыздан «жақтап» дауыс берді.

Сөйтіп, Қазақстанның саяси картасында «Бірлік» атты жаңа партия пайда болды. Ол бірлік атты қамқорлықтың астына біріккен 53 мың қазақстандықты біріктіреді, нақ осы мағына жаңа партияның атауынан көрініс тапқан. Заңдық формальдылықтар әлі алда, алайда партия мүшелерінің арасындағы бәтуаға қазірдің өзінде қол жеткізілген.  

«Бірлік» саяси партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали  екі партияны «Бірлік» деген жаңа атаумен біріктіру туралы шешімнің бірауыздан қабылданғанын атап өтті.

«Бұл партия өмірге екі оң факторды тиімді енгізеді деп сенемін. Бір жағынан, руханиятты жаңғыртуға, жастарға, әсіресе, ауылдық жерлердегі жастарға қолдау көрсетуді көздейтін «Руханият» партиясынан, екінші жағынан - «Әділет» партиясынан біз мықты заңдық қолдау таптық.  Осылайша, біз өз мұраттарымызды ілгері жылжытамыз, әрине, Қазақстан Парламенті Мәжілісіне сайлауға қатысу үшін бізге заңдық қолдау өте-мөте қажет», - деді С.Сұлтаңғали. 

Дайындық жұмыстары екі ай бойы жүргізілді. Партиялар ұйымдастыру және заңдық мәселелердегі кейбір сәттерді шешті. Бүгінде Астанада аталған қоғамдық бірлестіктердің кезектен тыс съездері өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген делегаттар түпкілікті шешімді бірауыздан қабылдады.

         Бастама «Әділет» партиясына тиесілі. Себеп - ұстанымды күшейту қажеттілігі. Саяси бірлестіктердің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттердің ұқсастығы тайға таңба басқандай көрініп тұр. Оның үстіне әңгіме дәл осы жаңа партияны құру туралы болып отыр. Оған өзінің ізашарларының бағытын жалғастыру міндеті тұр. Аса маңызды бағыт - «Қазақстан-2050» Стратегиясын орындау, бұл дегеніміз - қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыру және әлемдегі 30 көшбасшы елдің қатарына кіру деген сөз.  

«Екі айға жуық уақыт ішінде жұмыс тобы жұмыс жасады. Біздің партиямыздың атынан да, сондай-ақ «Руханият» партиясынан да. Екі саяси партияның күш-жігерін біріктіру және саяси алаңға жаңа атпен, жаңа күш-жігермен шығу қажет деген тоқтамға келдік», - деп атап қөтті «Бірлік» саяси партиясы төрағасының орынбасары Төлеген Сыдықов.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-сессиясында жария еткен жұмыстарының жаңа бағыттары барлығымыздың алдымызға маңызды міндеттер қояды, өміріміздің сапасы осы міндеттердің орындалуына тікелей байланысты ,-дейді партиялықтар. Бүгінде олар саяси реформалар мен қоғамды жаңғыртуға қарай маңызды қадам жасады. Бірге болу - демек, күшті болу емес пе.